ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар демалысының жазғы кезеңі
01-07-2019 10:08
Балалар демалысының жазғы кезеңі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балаға мейірімді жаз!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  1 - 21 маусым аралығында мектеп жанындағы  лагерлерде  «Жаз - 2019» облыстық жобасының 1-ші аусымында 1 - 4 сыныптың  10 мыңнан аса оқушылары демалды. Мектеп  жанындағы  лагерлердің жазғы компания барысында (әрқайсысы 15 күн ұзақтығымен 2 аусым) күндіз болумен және 3 мезгіл тамақтанумен  қаланың   барлық  жалпы білім беру мектептерінде жұмыс істейді.

 

Мектептен тыс мекемелер мен  мектептерде 5 - 10 сынып оқушыларына арналған  1 маусымнан 1 тамыз аралығында 3 аусымда 15 күннен туристтік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, әскери-спорттық, этномәдени және басқа бағыттар бойынша бейіндік лагерьлер өз жұмысын  жүзеге асырады. Дарынды балаларды қолдау, қызығушылығы бойынша бос уақытын қамту мақсатында  «Дарын» бейіндік мектеп, робототехника және шахмат бойынша үйірмелер, қазақ,орыс,ағылшын тілдерін үйрену бойынша «Лингвист» лагерьлері  ұйымдастырылған.  1-ші аусымда  1 - 21 маусым аралығында бейіндік лагерьлерде  9 мыңнан аса оқушы демалды, жалпы қамтылуы  15 мың бала.

 

Жазғы демалыста киелі жерлерге бару мақсатында 300 аса оқушы үшін Баянауыл, Боровой,  Нұр-Сұлтан облыстарына шығу ұйымдастырылды, 20 оқушы Ресейдің  Омбы қаласына барды.

Жазғы кезеңде 1 шілдеден мектептің 607 оқушысы қала маңын,оның ауыл  аймағын  көгалдандыру және безендіру бойынша отрядтарда жұмыс істейді. Сонымен көп оқушылар жылыжай, мектеп жанындағы жерлердгі жасыл көшеттерді  күтуге   уақыттарын өткізеді.

 

Жазғы демалысты сауықтыру және қамтуға жалпы білім беру мектептерінің 1 - 10 сынып оқушыларының 100% қамтылады, бұл 40 мыңнан аса оқушыларды құрайды.