kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2919540
Бір айда116425
Бір аптада21272
Кеше3125
Тәулік1864
Робототехника бойынша екі республикалық жарыстың жеңімпаздары
01-07-2019 18:12
Робототехника бойынша екі республикалық жарыстың жеңімпаздары

Павлодар қаласының №11 ЖОМ оқушылары 2019 жылғы 27 - 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы «KAZROBOPROJECT - 2019» республикалық байқауына және Павлодар қаласындағы World Robot Oiympiad қамқорлығымен робототехника бойынша «Ақылды қалалар» ұлттық іріктеу жарысына қатысты.

Республикалық байқауда 6сынып оқушылары Малых Артем мен Сыздыкова Айпара «Skan Bot» жұмысы үшін I орынға ие болды. Кітапты сканерлейтін және сандық медиаға ақпаратты сақтайтын робот. 2018 жылы осы байқауда олар панкейки (құймақ) пісіретін «Pancake Bot» роботын  көрсетіп  I орынға  ие  болды. 2018 жылы облыстық іріктеу турында «Open Elemetary» робототехника бойынша Сыздыкова  Айпара мен  Малых Артем  III орын, облыстық іріктеу турында «KAZROBOPROJECT - 2019» байқауында - I орын.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің робототехника бойынша «Ақылды қалалар» ұлттық жарыстарда 5 сынып оқушылары Абилева  Аида мен Дорохин Артем робототехника бойынша өткен бүкіләлемдік  олимпиаданың іріктеу кезеңінің финалына шығып  және 1 орынға ие  болды. Олар сондай-ақ «Skan Bot» жұмысын  ұсынды.  Бұл олардың  осы деңгейдегі бірінші жеңісі.

Олардың жасына қарамастан олар облыстық «World Robot Oiympiad» байқауына қатысып, 2019 жылы «Skan Bot» көрсетіп, I орынға ие болды және облыстық «KAZROBOPROJECT - 2019»  байқауында I орынды иеленді. Робототехника үйірмесінің жетекшісі Садықов Рустам Талғатбекұлы, информатика мұғалімі. Павлодарда олимпиадаға Қазақстанның әр аймағынан 240 оқушы қатысты.