kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2936211
Бір айда220485
Бір аптада47637
Кеше9727
Тәулік2657
Бурабайдағы халықаралық жазғы фестивальдың гран-приі
05-07-2019 09:36
Бурабайдағы халықаралық жазғы фестивальдың гран-приі

Жазғы демалыс кезеңінде Жетекші ЖОМ-нің 3 - 2-ші сынып оқушылары Бурабайда өткен «Burabai Summer Festival» халықаралық жазғы фестиваліне қатысты. Байқауға қатысушылар «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша 2 гран-при және 1 - I-ші орындарына ие болды.

Гран-при дипломанттары өзбек биін орындаушы Назар Фариза және «Калинка» ұлттық нақыштағы биін орындаған «Kids» би тобы ие болды. Аталып өтілген би тобы «Қарақшылар» биін орындағандары үшін  І-ші орынға ие болды. Топ құрамына Жетекші ЖОМ оқушылары Найман Аиша, Тоқтар Ділда, Назар Фариза кірді. Олардың барлығы «Эль би шеберханасы» би мектебінде жаттығады. Назар Фариза 5 жастан бастап бимен айналысады. Ол Павлодар қаласындағы «Твой час» халықаралық конкурсының гран-при дипломанты, Алматы қаласындағы «Күншуақ» халықаралық фестиваль-конкурсының I орын дипломанты (2018 жыл), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Аrt Premium» Халықаралық фестивалінің I дәрежелі лауреаты, Павлодар қаласындағы «Grand Musik» халықаралық конкурс-фестивалінің лауреаты (2019 жыл). 2017 жылы Нұр-сұлтан қаласында «Қазақстан раушандары» (Қазақстан, Ресей, Болгария) халықаралық шығармашылық жобасының қатысушысы болды. Найман Аиша, Тохтар Далди би мектебінде осы жылдан бастап жаттығып келеді және Бурабайдағы жетістіктер олардың алдаға көптеген жетістіктерінің бастауы болып табылады, хореографтар Байғожина Құралай Серікқызы мен Рамазанова Эльмира Маратқызы.

Фестиваль 2019 жылы 27 маусымда өтті. Ұйымдастырушы Pavlodar music studio. Фестивальға Қазақстанның барлық аймақтарынан 5 - 16 жас аралығындағы 200-ден астам бишілер, музыканттар, әншілер қатысты. 5 күндік сапарда оқушылар мен мұғалімдер Орынгазиева Гүлназ Орынгазиевна мен Пшембаева Роза Назымбековна фестивальдің барлық мәдени-сауық шараларына қатысып, Бурабай курортының көрікті жерлерін көрді.