kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2927920
Бір айда149361
Бір аптада37165
Кеше7362
Тәулік604
Қалалық қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің марапаттары
13-08-2019 11:15
Қалалық қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің марапаттары

«Балаларға қосымша білім беру: мемлекеттік білім беру саясатының жаңа қырлары мен векторлары» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің секциясына Павлодар қаласы балалар музыкалық мектебі, балалар техникалық мектебі, балалар көркемсурет мектебі және балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 4 педагогы қатысты.

Секция жұмысының қорытындылары бойынша қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлерін құттықтау салтанаты өтті. Павлодар қаласы балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жанна Қаиргелдіқызы Темірова «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, педагогы Марина Раисовна Каримова Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Алғысымен марапатталды.

«Қосымша білім беру - мүмкіндіктер индустриясы» тәжірибелік бөлімінің «Сіз тұратын өлке» шеберлік сыныбында Ж. Қ. Темірова, М. Р. Каримова Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркы бойынша «Аңыздар жолымен» тақырыбында туристік маршрутты құрастыру жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Балаларға қосымша білім беру: мемлекеттік білім беру саясатының жаңа қырлары мен векторлары» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің секциясын «Балалардың мүдделері - педагогикалық қауымдастықты біріктіру» республикалық тамыз педагогикалық форумы аясында 2019 жылғы 9 тамыз күні Алматы қаласы оқушылар Сарайының негізінде ұйымдастырып өткізді.