ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абай шығармашылығының білгірі
16-08-2019 09:25
Абай шығармашылығының білгірі

Павлодар қаласының № 34 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Шакирова Алена Александровна ұлы қазақ ақыны, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбай шығармашылығының табынушысы.

Қалалық Абай оқуларының 1, 2 орын жеңімпазы болып табылады. Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнайы челленджте қатысып, қазақ ақынның өлеңдерінің үзінділерін мәнерлеп оқыды.

Алена Александровна № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде 2015 жылынан бастап жұмыс істейді. Мектеп табылдырығынан бастап Абай шығармашылығына қызығушылығын танытты. Оның атасы абайтанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері ақынның поэзиясына сүйіспеншілігін оятқан. Ол «Абай жолы» романын орыс, ағылшын тілінде оқып, қазақ тілінде оқуды жоспарлауда. «Абай шығармалары әр күйзелістен мені сақтап қана қоймайды, шабыт та береді», - дейді Алена Александровна. Ұлы Абайдың шығармашылығына деген сүйіспеншілігін өз шәкірттеріне насихаттайды. 6-шы сынып оқушысы Григорян Элизабет музыкамен айналысып, сайыстарда Абай әндерін орындайды. Оның қыздары музыкамен айналысады, би өнерімен шұғылданады, қазақ халқының салт-дәстүрлерін игереді.