ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Баланы мектепке жинайық
16-08-2019 10:51
Баланы мектепке жинайық

«Мектепке жол» қайырымдылық республикалық акциясы шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 14 тамызда жылжымалы автобуста «Баланы мектепке жинайық» акциясы өткізілді. «Отау», «Барыс», «Гулливер» сауда үйлерінің кәсіпкерлері мектеп формасын, аяқ киім, рюкзактар мен кеңсе тауарларын ұсынды. Жиналған заттар 15 тамызда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қалалық штабы «Ұлттын болашағы» қоғамдық қорымен бірлесіп 20 аса мұқтаж отбасына берілді.

Қазіргі уақытта штабта табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалардың деректер банкі құрылды, тізім күнсайын жаңартылып отырады. Балаларды оқу жылының басына дайындау бойынша көмекке мұқтаж адамдар тұрғылықты жері бойынша мектепке жүгіне алады. Аз қамтылған отбасы балалары оқу жылы бойы жалпыға міндетті білім беру қорынан тегін тамақ алады, сонымен қатар мектеп оларға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын алуға көмектеседі.