«Жігер» балалар және жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері құрбан-айтқа орай ұйымдастырылған қазақ күресі бойынша Павлодар қаласының қалалық турниріне қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша 21 кг салмағы дәрежесінде I орынды № 35 ЖОМ 3 сынып оқушысы Оразбаев Мадияр, 34 кг салмақта - жүлделі I орынды № 18 ЖОМ 5 сынып оқушысы Герт Алексей, 55 кг салмақта - № 12 ЖОМ 7-сынып оқушысы Ермекұлы Мади иеленді. II орынды, 34 кг салмақта - Абишев Алишер, № 18 мектептің 5 сынып оқушысы, салмағы 55 кг - Ермекұлы Мади, № 12 ЖОМ 7-сынып оқушысы иеленді. ІІІ орынды 46 кг салмақта - Абенов Рустем, № 27 ОМ 6 сынып оқушысы, Кыдырашев Жаркын, № 2 мектептің 6 сынып оқушысы иеленді.
Оқушылар «Жігер» клубының «Сауран» балалар-жасөспірімдер клубында Токкожин Азамат Оразгельдиновичтің қадағалауымен дайындалады. Клубтың қазақ күресі үйірмесінде қаладағы жалпы білім беру мектептерінің 45-тен астам оқушысы жаттығады. Оразбаев Мадияр, Герт Алексей, Ермекұлы Мәди, Әбішев Әлішер, Абенов Рустем, Қыдырашев Жарқын қазақша күрес үйірмесіне 3-ші жыл қатысып келеді. Қысқа уақыт ішінде тәрбиеленушілер өздерін қабілетті оқушылар қатарынан көрсетіп, қалалық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегерлері атануда.