ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің есімімнің саған берері?
21-08-2019 11:20
Менің есімімнің саған берері?

Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Раушан Кенесбаевна Бейсенова 5-сынып оқушысы Кабдуллов Нуралимен бірге «Что в имени тебе моём?» атты IX халықаралық Пушкин сайысына қатысты. Сайыс номинациялары  орыс тілін оқытуда жетістіктерін, орыс әдебиетінен білімін, әртістік және шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді. Раушан Кенесбаевна сайысқа «Пушкин в моей жизни» атты  жазбаша эссені,ал Кабдуллов Нурали А.С. Пушкиннің «Руслан и Людмила» поэмасынан үзіндіні мәнерлеп оқып, бейнежазбасын жіберді.

Сайыс нәтижесі бойынша Бейсенова Р. К. «Пушкин в моей жизни» номинациясында, Нурали «Пушкин детям (мәнерлеп оқу сайысы)» номинациясында жеңімпаз атанды. Раушан Кенесбаевна мектепте 35 жылдан аса жұмыс істейді, педагог-зерттеуші санаты бар. 2018 жылы «Үздік әдістемелік құрал», «Орыс тілінен қорытынды  аттестацияға дайындауына арналған жинақ» оқу-әдістемелік құралдары құрастыру сайыстарының жеңімпазы болды. Облыстық «Педагогикалық инициативалар» сайысының екі мәрте жеңімпазы. Сертификатталған мұғалімдер арасында өткізілген «Менің тиімді сабағым» сайысында екінші орынға ие болды. Қазақстандық-ресейлік «Филолог» қауымдастығының жобасымен  бірге өткізілген І Халықаралық үштілдік филологиялық олимпиадаға жеңімпаз дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. ЮНЕСКО көлемінде өткен «Новые подходы и методы довузовской подготовки абитуриента» атты семинар-конференцияға қатысып, сертификат иегері болса, «Непрерывное профессиональное развитие учителя - ключевой фактор успеха учащихся» тақырыбымен облыс деңгейінде тәжірибесімен бөлісті. 2018 жылы ұсыныс пен  мемлекеттік кеңестің шешімі бойынша «Международная энциклопедия «Лучшие в образовании» энциклопедиясына кірді.

Оның оқушылары Салимова Аслана 2017 жылы - орыс тілінен облыстық пән олимпиадасының екі мәрте жеңімпазы, облыстық олимпиада нәтижесі бойынша оған «Қазақ мектебінде орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетінің гранты берілді, Темирова Дания - Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінің студенті. 2018 - 2019 жылдары Амина Бексултанова - орыс тілі пәнінен қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы. Сандыбаева Айжан ғылыми жоба қалалық сайысының 3-орын иегері. Кабдуллов Нурали 2019 жылы орыс тілі пәнінен халықаралық қашықтық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға  ие болды, сонымен қатар «Что в имени тебе моём?» атты IX халықаралық Пушкин сайысында жеңімпаз атанды. Байқау Москва қаласының А. С. Пушкин атындағы орыс тілі Институтымен ұйымдастырылды. Байқау 2011 жылдан бастап өткізілуде, биылғы жылы ақынның туғанына 220 жыл толу мерейтойына орай белгіленді.