ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туризм бойынша педагогтардың марапаттары
22-08-2019 09:04
Туризм бойынша педагогтардың марапаттары

Облыстық секцияда облыстың педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы шеңберінде cпорт және дене шынықтыру бойынша қызметкерлерін марапаттау өтті. Секция 2019 жылы 20 тамызда Павлодар облысының аймақтық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен өткізілді.

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогтары марапатталды. «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісімен қосымша білім беру педагогы, «Вертикаль» клубының жетекшісі Дьяченко Оксана Владимировна, «СЮТур» балалар аула клубының «Искра» клубының жетекшісі Кенжин Рустам Айтанұлы марапатталды.

Оксана Владимировна орталықта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, осы кезеңде түрлі халықаралық және республикалық жарыстардың жүздеген жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындады. Рустам Антонович 5 жыл жұмыс істейді, бірінші санатты қосымша білім беру педагогы, оның тәрбиеленушілері де туризм бойынша түрлі жарыстардың белсенді қатысушылары болып табылады. «Вертикаль», «Вершина», «Усольский мередиан», «Пирамида», «Искра», «Пилигрим» туристік-өлкетану клубтарында 300-ден астам бала айналысады, олардың тек осы жылы ғана 10 - 18 жас аралығындағы 80-нен астам бала жеңімпаз және жүлдегер атанды.