ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін басқарудағы жаңа тәсілдері
23-08-2019 10:40
Білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін басқарудағы жаңа тәсілдері

           «Білім және ғылым» тамыз педагогикалық кеңесі аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2019 жылғы 22 тамызда № 41 мектепте қосымша білім беру және тәрбиелеу ұйымдары қызметкерлерінің «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымының тәрбие жүйесін басқарудың жаңа тәсілдері» секциялық отырысын өткізді.

         Мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтарының кездесуі тәрбие жұмысының мәселелері мен даму мүмкіндіктері, қосымша білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тәрбие жүйесін басқарудың жаңа тәсілдері туралы практикалық-бағдарлы сипатқа ие болды. 5 секциядағы жұмыс тәжірибе алмасу, мастер-класс өткізу бойынша өтті. Модераторлар ретінде облыстық медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы Е. А. Глотова, «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы С. Сүлейменова сөз сөйледі.

         Педагогикалық оқуларға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің тәрбие жұмысына жетекшілік ететін мамандары мен әдіскерлері, қосымша білім беру басшылары мен педагогтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, жалпы білім беру мектептерінің, жоғары оқу орындарының әлеуметтік педагогтары арасынан 200-ден астам қосымша білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастырушылар қатысты.

         2018 - 2019 оқу жылының қорытындысы бойынша өткізілген кеңесте үздік педагогтар мен қосымша білім беру ұйымдары атап өтілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен Павлодар қаласының балалар техникалық, балалар көркемсурет және балалар музыка мектептерінің педагогтары марапатталды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен № 13 мектеп директорының орынбасары Д. А. Нұрғалиева марапатталды. «Жаз - 2019»  Гран-при иегері № 34 мектеп және балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, І орын иегері № 2 мектеп және «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы, ІІ орын иегері № 29 мектеп және «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы, ІІІ орын иегері № 16 мектеп-лицейі атанды.28 ЖОМ «Үздік инновациялық идея», № 35 ЖОМ «Үздік шығармашылық есеп», № 22 ЖОМ «Жазғы демалыс жанашары», № 9 ЖОМ «Креативті жазғы науқан», № 6 ЖОМ «Үздік оқу-тәжірибе учаскесі», № 23 ЖОМ «Мектеп жанындағы учаскенің үздік дизайны» номинациялары бойынша марапатталды.