ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Бірінші сыныпқа бірінші рет!» қалалық акциясы
26-08-2019 12:30
«Бірінші сыныпқа бірінші рет!» қалалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылы 26 тамызда «Колос» МСО-да «Бірінші сыныпқа бірінші рет акциясы өткізілді. Іс-шарада халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының 20 болашақ бірінші сынып оқушыларына «Бірінші сынып оқушысына» - рюкзактар, кеңсе тауарлары тапсырылды. Сыйлықтарды жалпы білім беретін мектептердің демеушілері ұсынды.

Қайырымдылық акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу.

Акция тек қана қайырымдылық сипатқа ие. Біздің әрқайсымыз Мектепке жол ең жарқын болу үшін, баланы мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады.

Бүгінгі күні қаланың демеушілері, кәсіпорындары, мекемелері, ҮЕҰ, сауда үйлері 16548,4 мың теңге сомасына 2 645 баланы мектепке жинауға көмек көрсетті.