Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жазғы кезеңдегі балалардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылу қорытындылары
27-08-2019 11:59
Жазғы кезеңдегі балалардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылу қорытындылары

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру, демалыс және оқушылардың жеке дамуы үшін жағдай жасау, жазғы кезеңде қараусыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балаға мейірімді жаз» жазғы демалыс жобасының моделін ұйымдастыру мақсаты болды. Жазғы жобаның негізіне 3 бағытта ұсынылған модель салынды: мектеп жанындағы лагерьдің жұмысы, мектептен тыс ұйымдардың қызметі, оқушылардың еңбек қызметі. Жобаны іске асыруға 42 жалпы білім беретін мектеп, 8 мектептен тыс ұйым қатысты. Павлодар қаласының білім беру бөлімімен жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды. Жалпы білім беру мектептерінің меңгерушілерімен, мектеп жанындағы лагерьлердің директорларымен Павлодар облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ТЖ басқармасының, Павлодар облысы бойынша ТЖД жедел-су құтқару жасағының, Павлодар облысы бойынша дін істері басқармасының өкілдерін шақырумен семинар өткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті осы тақырып бойынша оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін онлайн сабақтар өткізді. Оқу орындарында судағы жүріс-тұрыс ережелері бойынша көрнекі бұрыштар ресімделді, құтқару қызметінің, жедел жәрдем қызметінің, cуда құтқару станциясының телефондары ілінді, сайттарда судағы қауіпсіздік техникасы бойынша роликтер орналастырылған. Мектептер қала бассейндерімен балаларды жүзудің базалық дағдыларына үйрету бойынша меморандумдар жасасты. ТЖД және МПС бірлесіп қаланың жағажайлары бойынша 30-дан астам бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді, 1600-ден астам жадынама таратылды.

Балалардың жазғы демалыспен жалпы қамтылуы 40023 оқушыны құрады, оның ішінде 14585 оқушы мектеп жанындағы лагерьлерде, 23620 оқушы бейіндік лагерьлерде, 1838 оқушы еңбекпен қамтылуда (2018 жылы 36195 оқушы, 2017 жылы - 35000 оқушы қамтылды).

Тәрбиелік іс-шаралар кешені белсенді демалыс пен еңбек қызметін ұштастыруды көздейді. «Жасыл ел» аясында қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жасақтарға 607 оқушы, ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жасақтарға 148 оқушы, Денсаулық сақтау мекемелерінде 120 оқушы, қала кәсіпорындарында, ата-аналарымен 963 оқушы қатысты.

Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы 1 маусым мен 12 шілде аралығында күндізгі және 3 рет тамақтанумен 2 мезгілмен ұйымдастырылды. Биылғы жылы жолдаманың құны сақталып, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қамту ұлғайтылды.

Қаланың 8 мектептен тыс мекемелерінде, 17 аула клубтарында 27 000 бала мен жасөспірім жұмыс істеді (2018 жылы - 25000 бала, 2017 жылы -19037 оқушы).

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында маусым-тамыз аралығында қала мектептерінің 900 оқушысы 10 күндік жазғы маусымның 6 ауысымы ұйымдастырылды. Төлем 25000 теңгені құрады,жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жолдамалар тегін берілді, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан оқушыларға жолдамалар жалпыға бірдей білім беру қаражаты есебінен облыстың жалпы білім беретін мектептерімен алынды. Жолдаманың құнына тамақтанудың тек 20%-ы ғана қосылады және 2200 теңгені құрады. «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында Павлодар ауданынан 39 оқушы демалды. Лагерь қызметінде сауықтыру іс-шараларымен қатар жан-жақты тұлғаны дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Жазғы компания кезеңінде бейіндік және мектеп жанындағы лагерьлерде «Рухани жаңғыру» шеңберінде жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша қалалық турнир өткізді. Турнир аясында ұлттық өркендеу және балалар музыка мектебінің, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері «Асық dance jastary», «Үкілі домбыра» атты флешмоб ұйымдастырды. Музыкалық мектеп 3 - 7 маусым аралығында жоба аясында «Мәңгілік елдің - мәңгілік сазы» атты фестиваль өткізді.

Кәсіподақ және ата-аналар комитеттерінің қорынан демеушілік көмек есебінен Қазақстан мен облыстың қасиетті жерлеріне 1000-нан астам оқушылардың сапары ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындарымен танысты - Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және «Көкшетау» саябағы, Оңтүстік Қазақстан облысы Х. А. Яссауи кесенесі, Арыстан баб, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесі, «Астана-Бәйтерек», «Қазақелі» монументтері және «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік таңы» Тәуелсіздік монументі. № 9 лицей-мектебінің 10 оқушысы шекаралас ынтымақтастық шеңберінде Омск қаласындағы мектеп лагеріне демалуға барды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Балаға жолдама сыйла» атты облыстық акция аясында 2019 жылғы 29 шілде мен 2 тамыз аралығында толық емес және көп балалы отбасыларда тәрбиеленетін балалары бар мектеп қызметкерлері қатарынан 7 ана Баянауыл демалыс саябағы аумағында орналасқан «Жан» демалыс үйіне жіберілді.

Павлодар қаласының педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесінде «Балаға мейірімді жаз» қалалық жобасы шеңберінде балалардың жазғы демалысы қорытындысы шығарылды. «Жаз - 2019» қалалық конкурсының қорытындысы бойынша № 34 ЖОМ, Павлодар қаласының балалар экология және туризм орталығы 100 мың теңге көлемінде сертификат алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен Павлодар қаласының балалар техникалық, балалар көркем және балалар музыка мектептерінің педагогтары марапатталды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен № 13 мектеп директорының орынбасары Д. А. Нұрғалиева марапатталды. «Жаз - 2019» гран-при иегері № 34 мектеп және балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, І орынды № 2 мектеп және «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы, ІІ орынды № 29 мектеп және «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы, ІІІ орынды № 16 мектеп-лицей иеленді. Номинациялар бойынша 28 ЖОМ «Үздік инновациялық идея», № 35 ЖОМ «Үздік шығармашылық есеп», № 22 ЖОМ «Жазғы демалыс жанашары», № 9 ЖОМ «Креативті жазғы науқан», № 6 ЖОМ «Үздік оқу-тәжірибе учаскесі», № 23 ЖОМ «Мектеп жанындағы учаскенің үздік дизайны» марапатталды.