2019 жылғы 26 - 28 тамызда танысу сапары барысында Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының жанында құрылған жұмыс тобы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ұсыныстарды зерделеу және жинау мәселелері бойынша № 40, № 16 мектеп-лицейге, № 49 сәбилер бақшасына, Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығына барды.
№ 49 санаториялық сәбилер бақшасына барған кезде комиссия тубвиражды, туберкулез жұқтырған балаларды сауықтыруға бағытталған емдеу-алдын алу жұмысымен танысты, № 40 ЖОМ ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен педагогтардың жұмыс тәжірибесі ұсынылды, инклюзивті кабинеттің оқу-материалдық базасы көрсетілді. № 16 лицей-мектебінің педагогтары дарынды балалармен жұмыс көрсетті. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы комиссияны экология, туризм, өлкетану саласындағы іс-шаралар жүйесі арқылы оқушылардың жалпы және негізгі құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндіктері туралы таныстырды.
Қаланың білім беру мекемелеріне бару қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелері Павлодар қаласында Балалардың құқықтарын қорғау, халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына жағдай жасау, балалардың қызығушылығы мен дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бос уақытын және жұмыспен қамтылуын дамыту бойынша жұмысқа оң баға берді.