kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2959654
Бір айда235228
Бір аптада49682
Кеше10545
Тәулік3004
Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиын
09-09-2019 12:51
Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиын

2019 жылы 4 - 6 қыркүйек аралығында   43, 37 мектепте және 5512 әскери бөлімінің әскери атыс алаңында 2019-2020 оқу жылына  алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-ұстаздарымен  жылсайынғы 3-күндік оқу-әдістемелік  жиын өткізіледі. Жиынға 37 оқытушы қатысты.

Сабақтың  теориялық бөлімін Павлодар қаласының қорғаныс ісі бойынша Басқарма бастығы А.Кнышбаев «Әскери жоғарғы оқу орындарына кандидат іріктеу бойынша нұсқаулық сабақтар» тақырыбы бойынша, дене шынықтыру Аймақтық оқу-практикалық орталығының басшы орынбасары  Т. М. Аленов «2019 - 2020 оқу жылына бастауыш  әскери дайындық бойынша оқу бағдарламасы» тақырыбы бойынша, «Қызыл крест» төтенше жағдай бойынша Департамент өкілі: «Адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздері және оқу мекемелерінде өрт қауіпсіздігінің шаралары» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.Алғашқы  әскери және технологиялық дайындық бойынша практикалық сабақтарда саптық байқау және саптық дайындық бойынша сабақ өткізілді. 5512 әскери бөлімінің әскери атыс алаңында оқ ату,тактикалық дайындық және азаматтық қорғаныс бойынша дағдыларын игеру өткізілді.