kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2959654
Бір айда235228
Бір аптада49682
Кеше10545
Тәулік3004
Тіл күніне орай марапатталды
10-09-2019 10:15
Тіл күніне орай марапатталды

Тіл декадасының қорытындысы бойынша 2019 жылдың 5 қыркүйегінде Естай атындағы мәдениет сарайында мемлекеттік тілді насихаттауға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Тіл саясаты комитетінің, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен павлодарлықтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Көп жылғы адал еңбегі, өңірдің тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін және Қазақстан халқының Тілдері күніне байланысты Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Павлодар қаласы № 37 ЖОМ директоры Ляйля Бажевна Жүсіпова, Кенжекөл ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айымгуль Александровна Урустымова марапатталды.

Декада Қазақстан халқы тілдерінің ХХІ республикалық фестивалі аясында өңірлік мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы жариялаған. Концерт, көрме және пленарлық отырыс негізінде Ертіс өңіріндегі Тілдер күні аталып өтілді. Мерекелік іс-шаралар С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада басталды. Отырыстың пленарлық бөлімінде өңір жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының облыстық филиалының өкілдері, жасотандықтар, «Жебе» қоғамдық бірлестігінің мүшелері тіл саясаты мәселелерін талқылап, инновациялық идеяларды ұсынды. Мереке Естай атындағы ҚМС-да «Тіл шаһары» жобасының көрмесімен, «Аnаtili» мобильдік қосымшасының тұсаукесерімен және мерекелік концертпен жалғасты. Өткен жылдан бастап Қазақстанда Тілдер күні 5 қыркүйек - қазақ филологиясының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні атап өтіледі.