Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар арасындағы туризмнің дамуы
11-09-2019 14:57
Оқушылар арасындағы туризмнің дамуы

5 - 9 қыркүйек аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» орталығының «Туған Ертіс өңірім» жобасы аясында Ертіс өзенінің алқабында «Алтын күз» ашық қалалық экологиялық туризм сайысы өтті. Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттайтын туристік дағдыларды қалыптастыру.

Байқауға қаланың 7 қашықтық бойынша 15 жалпы білім беретін мектептерінен 5 - 11 сыныптардың 126 оқушысы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша I орынды «Вершина», «Пирамида» жасөспірімдер клубтарының командасы, жетекшілері  Ридзаускас Владислав Юрьевич, Агалаков Сергей Владимирович, II орынды - «Вертикаль» балалар жасөспірімдер клубының командасы, жетекшісі Дьяченко Оксана Владимировна, III орын - «Искра» балалар жасөспірімдер  клубы жеңіп алды, жетекшісі Кенжин Рустам Айтанұлы. Қатысушылар «Қысқа техникалық қашықтықта» арқан тарту, бөрене, маятник, тапсырмаларды орындау, «Экоерудит» кезеңдері, «Жеке» маршрут бойынша өту кезеңдерінде, жұмарға көтерілу, құланшымен түсу және көлбеу өткел бойынша жарысты. «Велотриал» қашықтықта велосипедпен жүру, велосипедтегі кедергілерді жеңу, «Қиылыс». Байқау бағдарламасына «Экосюрприз», «Экоквест», «Экоэрудит» экологиялық байқаулары, «Сюрприз» байқаулары, әндер еніп, қатысушылардың 3 күн ішінде лагерьде, шатырда тазалық пен тамақтанудың санитарлық нормаларын, табиғатты қорғау ережелерін, тұру режимін сақтауы ескерілді.