ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Баланы тәрбиелеудегі отбасының ролі
12-09-2019 12:26
Баланы тәрбиелеудегі отбасының ролі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылғы 11 қыркүйекте Орталық балалар кітапханасының коворкинг орталығында Отбасы күніне арналған «Отбасы - баға жетпес сый» атты конкурс өткізді. Мақсаты - мәдени құндылықтарды, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы институты арқылы демографиялық проблемаларды, әлеуметтік сипаттағы проблемаларды шешу.

Мерекеге балаларымен, № 96, 24, 27, 115, 19 балабақшалардың тәрбиеленушілерімен 5 отбасы қатысты. Әрбір бақша бір отбасын ұсынды. Қатысушылар өзін-өзі таныстырды, оларға мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарды еске түсіру, отбасы туралы сұрақтарға жауап беру, «Объяснялки» конкурсына қатысу, «Руки папы, руки мамы и мои ручонки», «Осенняя корзинка» атты шығармашылық алаңдарға бару ұсынылды. «Библиомикс» алаңының жұмысы ата-аналарға балалар әдебиетін таңдау әрі үйде бірге оқу үшін әр түрлі интернет-ресурстармен танысуға мүмкіндік берді.

Конкурстың қорытындысы бойынша төмендегідей номинацияларда жеңімпаздар анықталды: «Ең белсенді отбасы» Щеколенковтар отбасы - құрамында анасы, әкесі және ұлдары Давид № 96 балабақшасынан, «Ең тапқыр отбасы» - Зиновьевтер отбасы, құрамында анасы, әкесі және қыздары Александра № 24 балабақшасынан, «Ең тату отбасы» - Даньяровтар отбасы, құрамында анасы, әкесі және қыздары Томирис № 115 балабақшасынан,  «Ең шығармашыл отбасы» - Ковалёвтар отбасы, құрамында анасы, әкесі және қыздары Даша № 19 балабақшасынан. Осылайша, алаңдарда ата-аналар мен балалардың, балабақшалар тәрбиеленушілерінің бірлескен қызметі мен өзара іс-әрекеті үшін білім беру кеңістігі ұйымдастырылды. Ата-аналарға өз баласын жаңа, таныс емес әреект түрлерінде көру, оған басқаша қарау, онымен бірге уақыт өткізудің таптырмас мүмкіндігі туды.