ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
10 оқушы облыстық Президенттік олимпиадаға қатысады
13-09-2019 09:05
10 оқушы облыстық Президенттік олимпиадаға қатысады

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2019 жылы 12 қыркүйекте Павлодар қаласының  С. Торайғыров атындағы Мемлекеттік  университетте ХII Президенттік  олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Мақсаты - жаратылыстану-математикалық  бағыт пәндерді оқуға оқушылардың  қызығушылығын көтеру, теориялық білім мен іскерлігін  тереңдету, дарынды балаларды қолдау үшін тиімді жағдай құру.Олимпиада шарты бойынша оқушылар жоғарғы аталған жаратылыстану-математикалық  бағыт бойынша  тапсырмаар орындады және көп ұпай жинаған 10 қатысушы олимпиаданың  облыстық турына қатыса алады.

Қаланың 27 жалпы білім беру мектептерінің 11 сыныптың 51 оқушысы, мектеп олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері  математика, физика, биология, химия бойынша өз білімдерін тексерді. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғарғы ұпай жинаған және 2019 жылы  қыркүйекте өтетін облыстық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алған № 39 ЖОМ оқушылары Илияс Сұлтан, Куршакова Ирина, Балкен Назигүл, Шайзадаева Ариана ( № 7 ЖОМ), Исенова Айдана (№ 20 мектеп-лицейі), Исадинов Диас (№ 34 ЖОМ), Князькин Дмитрий (№ 9 мектеп-гимназия), Леонова Надежда (№ 21 ЖОМ), Жұбай Алуа (№ 14 ЖОМ), Сагымбек Акерке (№ 24 ЖОМ).

 Олимпиада үш кезеңде өткізіледі - аймақтық (қалалық, аудандық), іріктеу (облыстық екі турда өткізіледі), қорытынды (республикалық).