ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұстаздар өз жұмысының тәжірибесін ұсынады
13-09-2019 11:55
Ұстаздар өз жұмысының тәжірибесін ұсынады

Павлодар  қаласы білім беру бөлімімен 2019 жылы 12 қыркүйекте №21 ЖОМ  «Жыл мұғалімі - 2019» қалалық  байқауының  I іріктеу туры өткізілді. Мақсаты - мұғалімнің дұрыс әлеуметтік және кәсіби беделін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибесін қорытындылау түрлерін жетілдіру және  педагогикалық  инновацияны марапаттау және қолдау.

Қалалық байқауға қатысуға 56 мұғалімнен тапсырыс түсті (география - 2, химия - 3, бастауыш сынып- 13, ағылшын тілі - 11, тарих - 7, қазақ тілі - 4, математика - 5, дене тәрбиесі - 1, информатика - 4, биология - 1, көркем еңбек - 1, музыка - 1, өзін-өзі тану - 3) қала мектептерінің  39 жалпы білім беру мектептерінен  (№ 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ).

Іріктеу тур қорытындысы бойынша  20 қатысушы «Кәсіби шеберлік» - бейтаныс сыныпта ашық сабақ беру қалалық байқауының II финалдық  турына өтті.

«Үміт» номинациясына № 9, 34 ЖОМ тарих мұғалімдері  Д. К. Күлжанов,  А. Б. Төлеуов,  № 40 ЖОМ дене тәрбиесінің  мұғалімі К. А. Нұралинов, №18 ЖОМ  көркем еңбек мұғалімі  Г. С. Дегтярева-Ковш.

«Шеберлік шыңы» номинациясына № 41 ЖОМ география мұғалімі А. Г. Шевченко, № 37, 16, 36, 39 ЖОМ ағылшын мұғалімдері,  Д. Б. Садыкова, А. С. Каиржанова, А. В. Пилипенко, Т. В. Жукова,  № 29 ЖОМ  информатика мұғалімі А. В. Скляренко,  № 17 ЖОМ химия мұғалімі Н. Г. Кончикова, № 21 ЖОМ тарих мұғалімі  М. И. Шишлов,  №28 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі З. К. Нұрғалиева,  № 26 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі А. С. Садвакасова, № 24 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі С. М. Шазинда.

«Шоқ жұлдызы» номинациясына № 11 ЖОМ информатика мұғалімі Р. Т. Садыков, № 19 ЖОМ тарих мұғалімі А. С.  Кузембаев, № 14 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі А. Е. Камбар, № 21 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Г. Б. Ракишева, № 25 ЖОМ музыка мұғалімі  Н. К. Асылбекова қатысады.

2019 жылы 18, 19 қыркүйекте № 21 ЖОМ  қатысушылар «Кәсіби шеберлік» финалдық турында бейтаныс сыныпта ашық сабақ береді.