ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары
16-09-2019 11:13
Өзін-өзі тану бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық облыстық олимпиада кезеңіне облыстың 7 - 9 сыныптың 54 оқушы құрамында 18 команда қатысты. Биылғы жылғы  олимпиадаға «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру сауықтыру орталығының сынамалы жоба аясында «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізін жүзеге асыратын 4 мектеп оқушылары, сонымен қатар Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі,  К. Макпалеев атындағы мектеп оқушылары, қалалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Олимпиада қатысушыларына «Истинное счастье - в бескорыстном служении» тақырыбына әлеуметтік жобалар ұсынылды, мұнда олар өздерінің өмірлік ұстанымын, команда да жұмыс істеу және өз ойын білдіру іскерлігін көрсете алу керек.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің  9 сынып оқушысы Фрик Дарья, 7 сынып оқушысы Реснянская Валерия, 8 сынып оқушысы Павленко Ольга марапатталды. Өз жобаларында олар рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі жеке тұлғаның ролі, адал ниеттілік туралы ұғым, қоршаған ортаны қайта құру, адамдарға қызмет етуге бағытталған, мейірімділік іс құруға бірлескен қызмет мүмкіншілігі туралы тақырыптар ұсынды.

Олимпиада 2019 жылы 13 қыркүйекте  № 3 дарынды балаларға арналған гимназияда өтті. Мақсаты - балалардың рухани адамгершілік тәрбиесі, бағалы бағытты қалыптастыру, шығармашылық ұстанымды дамыту, шығармашылық қызметтегі өз болмысыңды көрсетуге ұмтылуды марапаттау, өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге жеке қасиетін көрсету.