ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәрбиешілер өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөліседі
17-09-2019 12:14
Тәрбиешілер өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөліседі

Павлодар қаласы білім беру бөлімімен     2019 жылы 16 - 25 қыркүйек аралығында № 29 бала бақшада «Жыл тәрбиешісі» қалалық байқауы өткізілді.

2019 жылы 16 қыркүйекте «Жыл тәрбиешісі» 1-ші іріктеу турында қаланың 37 мектепке дейінгі мекемелерінің 38 ұстазы қатысты.  «Созвездие» номинациясына   20, 93, 102 бала бақша, «Ясли-сад «Smart kid» ЖШС қатысты.  № 1, 2, 4, 7, 8, 23, 30, 37, 46, 48, 49, 50, 86, 96, 111, 112, 120 бала бақша, № 1 ЖОМ кіші-орталығының ұстаздары «К вершинам мастерства» номинациясында  өз жұмысының тәжірибесімен бөлісті. № 7, 11, 12, 14, 15, 19, 29, 33, 41, 54, 82, 112, 115, 121, 122, 126 бала бақшасының жас тәрбиешілері «Надежда» номинациясында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Мақсаты - тәрбиешінің позитивтік беделін қалыптастыру, айқындау және тиімді педагогикалық тәжірибесін тарату, мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуде инновациялық қызметті ынталандыру және марапаттау.

«Защита педагогической позиции» 1-ші іріктеу турының қорытындысы бойынша финалдық турға «Созвездие»  номинациясы  бала бақша ұстаздары Амирбекова Ырым Сағатқызы (№ 20), Филатова Марина Геннадьевна («Ясли-сад «Smart kid» ЖШС), «К вершинам мастерства» номинациясы бала бақша тәрбиешілері Алейникова Лидия Сергеевна (№ 96), Кабдуллина Айнұр Мерғалымқызы (№ 8), Кабдулова Алия Максұтқызы (№ 30), Парманова Айгерім Маликқызы (№ 120), Шонова Бакытжан Талапқызы (№ 49), «Надежда» номинациясы бала бақша тәрбиешілері Бакеева Ботагоз Серікқызы (№ 33), Иващенко Александра Анатольевна (№ 126), Кузьгова Зарина  Жабраилқызы (№ 29), Тұрғанбаева  Құралай Жұматайқызы (№ 122), Жұмадилова Алия Азаматқызы (№ 11) өтті.

2019 жылы 23, 24, 25 қыркүйекте финалдық турда қатысушылармен бейтаныс топта ашық сабақ өткізіледі. Тур қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады - байқаудың бас жүлдесі, «Надежда»,  «К вершинам мастерства», «Созвездие» номинацияларының жеңімпазы және үш  лауреат. Байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі Мұғалімдер Күнінде өтеді.