ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Гандболдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы
18-09-2019 09:33
Гандболдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы

Гандболдан 2003 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатына облыстың құрама командасының құрамында Павлодар қаласының № 21 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мейер Владимир қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Владимир «Чемпионаттың үздік ойыншысы» атағына ие болды. Ол атаулы статуэткамен және құрмет грамотасымен марапатталды. Жаттықтырушысы Ефимов Никита Сергеевич, ол Қазақстанның 2-дүркін чемпионы, 6-дүркін күміс жүлдегері, 5-дүркін қола жүлдегері.

Владимир облыс құрамада 2013 жылдан бастап ойнайды, гандболмен 1 сыныптан айналысады. Алдымен жаттығу № 21 жалпы орта мектеп базасында өтті, содан кейін олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне қабылданды. Өзінің жеңісі туралы Владимир лайықты нәтиже алу үшін күн сайын жаттығу керек дейді. Команда болмаса, ол үздік ойыншы бола алмас еді, себебі бұл спорттың командалық түрі. Болашақта өзінің спорттық мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр. Гандболдан басқа Владимир жүзумен айналысады, сондай-ақ белсенді демалуды жақсы көреді. Мектепте жақсы оқиды, география мен дүниежүзі тарихы сабақтарын жақсы көреді, музыка тыңдағанды ұнатады, ағылшын тілін оқып жүр.

Чемпионат 12 - 14 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында өтті, оған Қазақстан аймағынан 7 команда қатысты.