ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің 5 мұғалімі облыстық байқаудың финалистері атанды
19-09-2019 09:08
Қала мектептерінің 5 мұғалімі облыстық байқаудың финалистері атанды

2019 жылдың 17 қыркүйегінде «Жыл мұғалімі - 2019» облыстық байқауының І турының қорытындысы бойынша қала мектептерінің 5 мұғалімі облыстық байқаудың финалистері атанды. Облыстық конкурсқа білім беру мекемелерінің 29 педагогы, конкурстың аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 5 қатысушысы қатысты. Бірінші іріктеу кезеңінде «Мен - мұғалім. Бұл дегеніміз...» конкурс қатысушылары өздерінің кәсіби жұмыс тәжірибесін, инновациялық идеяларды қолдану, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін ұсынды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 29 мұғалімнің ішінен 16 мұғалім сабақ өткізуге жіберілді, олардың ішінде Павлодар қаласының барлық 5 мұғалімі бар. Айгужинов Дәулет Ермекұлы, Б. Момышұлы атындағы мектептің информатика мұғалімі, Шакубаева Мирангүл Құрметқызы, № 37 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі, Кульжанов Ғамал Қайыргелдіұлы, Кенжекөл мектебінің тарих мұғалімі, Иванова Евгения Викторовна, М. Әуезов атындағы орта мектептің биология мұғалімі, Баканова Динара Бейсенбайқызы, № 16 мектеп-лицейдің ағылшын тілі мұғалімі. Финалдық кезеңде қатысушылар қыркүйек айында теориялық және практикалық деңгейді, оқыту әдістемесін меңгеруге ашық сабақтар өткізеді.