Павлодар қаласының № 10 бала бақшасында полиция «Балалар назар аударыңдар» алдын алу-жедел шаралар аясында қауіпсіздік бұрышын жабдықтады және шындыққа жақын жол белгілері құрылды. Мақсаты -меншікті қауіпсіздікті қамту және жол қозғалысының ережесін сақтау,жолдағы тәртіпке балаларды үйрету. «Бүгін біздің аулада бекітілген белгі, - бұл күнделікті біздің балаларға арналған сабақ. Әрқашан біз оларға жол қозғалысының ережесін сақтау туралы естеріне салып тұрамыз», - дейді бала бақша басшысы Ботагөз Қайыржанқызы Темирбекова.
Бұдан басқа, тәртіп сақшылары білім беру мекемелері жанындағы жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарын ауыстырды және жолдардың ең жүктеулі жерлерінің 54 жаяу жол жүру белгілері жаңартылды, 32 жол белгілері орнатылды, 38 реттелмеген жаяу жүргінші өткелінде «Жаяу жүргінші өткелі» қосымша 76 жарықдиод жол белгілері пайда болды.