ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу
20-09-2019 10:15
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу

 Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі педагог-зерттеуші Раушан Қабиденқызы Қасымқанова «Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференция Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтті.

Конференцияның қорытындылары бойынша үздік баяндамашыларды марапаттау рәсімі өтті, соның ішінде Раушан Қабиденқызы Шығыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасының грамотасымен марапатталды. Конференцияда жаһандану жағдайында, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Секция жұмыстарында Қазақстанның барлық аймақтарының жетекші педагогтарының 96 баяндамасы тыңдалды. Раушан Қабиденқызы «Қ. О. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологияларының жаңартылған бағдарламаларға сай тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірбесімен бөлісті.

Раушан Қабиденқызы мектепте 2001 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның оқушылары көптеген олимпиадалардың, байқаулардың және конференциялардың қатысушылары мен жүлдегерлері. Дарынды оқушылардың бірі 11 сынып оқушысы Көлтай Мақсат 2019 жылы Семей қаласында өткен Республикалық ХХ Абай оқуларына қатысып, төртінші орын иеленді. Раушан Қабиденқызы жетекші ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының дарынды балаларды айқындау, дайындау және оларға қолдау көрсету ісіне қосқан елеулі үлесі үшін грамотамен марапатталды.