Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздіктің үздіктері
23-09-2019 10:31
Үздіктің үздіктері

Қалалық «Жыл мұғалімі - 2019» конкурсының ІІ қорытынды турының шарттары бойынша 2 күн бойы 2019 жылдың 18 - 19 қыркүйек аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 20 мұғалімі, І іріктеу турының жеңімпаздары № 21 ЖОМ-де бейтаныс сыныпта ашық сабақтар өткізді.

«Кәсіби шеберлік» қалалық конкурсының ІІ финалдық кезеңіне № 9, 34, 40, 18, 41, 37, 16, 36, 39, 29, 17, 21, 28, 24, 11, 19, 14, 25 ЖОМ мұғалімдері қатысты.

«Үміт» номинациясына қатысушылар көркем еңбек, тарих, дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақтарын ұсынды. «Шеберлік шыңы» номинациясында - информатика, география, химия, тарих, қазақ, ағылшын тілі, бастауыш мектеп және өзін-өзі тану мұғалімдерінің сабақтары. «Шоқ жұлдызы» номинациясында - информатика, музыка, биология, тарих, қазақ тілі және бастауыш мектеп мұғалімдерінің сабақтары.

Қазылар алқасы құрамында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қала мектептерінің жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдері бар конкурсқа қатысушылардың жоғары кәсіби деңгейін, сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оқытудың әртүрлі формалары мен белсенді әдістерін, ағылшын, қазақ тілі, музыка, информатика, география, химия, тарих, бастауыш сынып сабақтарында сандық ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды атап өтті.

«Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинациялары бойынша «Жыл мұғалімі - 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау Мұғалімдер күніне арналған мерекеде өтеді.

Қалалық конкурсқа қатысуға қаланың 39 жалпы білім беретін мектептерінен 56 мұғалім (география - 2, химия - 3, бастауыш сынып - 13, ағылшын тілі - 11, тарих - 7, қазақ тілі - 4, математика - 5, дене тәрбиесі - 1, информатика - 4, биология - 1, көркем еңбек - 1, музыка - 1, өзін-өзі тану - 3), (№ 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ) өтініш берді.