Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары
23-09-2019 10:41
«Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары

      Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесі бойынша «Үздік педагог - 2019» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша № 34 мектептің информатика пәні мұғалімдері Поляков Илья Олегович және № 19 Серікбаев Алмас Сансызбайұлы жеңімпаз атанды.

    А. С. Серікбаев 2012 жылдан бастап қалалық, облыстық және республикалық конкурстарға қатысады. 2013 жылы «Жыл мұғалімі - 2013» қалалық байқауының «Үміт» номинациясы бойынша жеңімпазы, 2014 жылы IX республикалық педагогикалық олимпиадада «Талантты мұғалім - дарынды педагог» номинациясының иегері, 2015 жылы 10 Республикалық олимпиадада «Дарынды балаларға Талантты мұғалім» ІІІ орын, 2015 жылы Алматы қаласында өткен V Республикалық «Алтын Диск» мұғалімдер байқауында «Жаңашыл» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, 2016 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында I орын алды.

     И. О. Поляков 10 - 11 сынып оқушылары үшін «Macromedia Flash анимациясы» факультативтік курсын әзірлеп, енгізді. 2013 жылы «Жыл мұғалімі - 2013» қалалық конкурсында гран-при иегері атанды, «Жыл мұғалімі - 2014» облыстық конкурсында гран-при алды, 2016 жылы қалалық және 2017 жылы информатика пәнінен облыстық олимпиадаларда I орын алды, 2018 жылы математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VI Халықаралық шығармашылық конкурсында Алматы қаласында II орын алды.