ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шығармашылық калейдоскопы
23-09-2019 15:29
Шығармашылық калейдоскопы

2019 жылдың 20 қыркүйегі күні Павлодар қаласы көркемсурет мектебінің 40-жылдық мерейтойы аясында облыстық көркемсурет мұражайында «Шығармашылық калейдоскопы» көрме ашылды.  Көрменің мақсаты - балалардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, дамыту және қолдау, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің нәтижелері және жетістіктерімен танысу.

Көрермендер назарына өткен жылдардағы көркемсурет мектебі оқушылары мен оқытушыларының 200 жұмысы ұсынылды. Көрмеде әр түрлі техникаларда орындалған суреттер, сәндік-қолданбалы өнерінің жұмыстары, қыштан жасалған бұйымдар болды. Мұнда аралас техникадағы 2017 жылдың түлегі Масленников Артемнің «Қысқы орман рухы» суретін, 2011 жыл түлегі Цанда Аленаның «Ауыл натюрмортын»,  Қазақстанның әйгілі суретшісі Атеева Алтынның «Қазақ эпосы негізіндегі» қос суретін, Мырзағали Дарияның линогравюра техникасындағы «Торайғыров» портреті және Аубакирова Алияның майлы бояулармен орындалған «Сатпаев академигінің» портретін, сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер туындыларын, яғни матадағы көркемсурет, киізден басылған, өрнектелген, қыштан жасалған қызықты бұйымдар.

Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы 1979 жылдан жұмыс атқаруда. 2016 жылдың сәуір айында балалардың бейнелеу өнері саласына қосқан үлесі үшін, жыл сайынғы балалар шығармашылығы байқауларындағы жеңістері үшін халықаралық ЮНЕСКО клубының мәртебесіне ие болды. Қазір мектепте 4 - 17жас аралығындағы 400-ге жуық оқушы білім алады. Олардың астамы Қазақстан, Ресей, Польша, Чехия, Тайвань, Ұлыбритания Германия, Эстония сияқты мемлекеттердегі халықаралық сурет байқаулары мен көрмелерінің лауреаттары болып табылады. Мектеп оқушылары мен оқытушылары әрдайым қалалық, республикалық іс-шараларға қатысу арқылы көркемөнер-эстетикалық мәдениетін көтеріп, балалар мен жас өспірімдердің арасында Қазақстан халықтары мәдени мұрасының құндылықтары мен идеяларын насихаттауда. Көрме 2019 жыл қазан айының 7-не дейін созылады.