ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Математика бойынша IІІ қалалық жасөспірімдер олимпиадасы
24-09-2019 09:22
Математика бойынша IІІ қалалық  жасөспірімдер олимпиадасы

     № 28 ЖОМ негізінде ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша IІІ қалалық  жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу  туры өтті. «Математика» пәні бойынша қатысушылар саны 60 оқушыны құрады. Олимпиадаға 34 мектеп қатысты. Үш жыл бойы жасөспірімдер арасындағы  олимпиада Павлодар қаласының барлық мектептерінің ең дарынды және таланты балаларын жинайды. Олимпиада  қорытындысы бойынша, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

       Көп ұпай жинап және І орын  жеңіп алған № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бехтина Ангелина, № 16 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Семенов Александр, ІІ орын № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Смагин Александр,  № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Коноваленко Карина, № 34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Абишев Нариман және № 9 мектеп-гимназия  8 сынып оқушысы, Троян Леонид, ІІІ орын иегері № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ульданов Мансур, Б. Момышұлы атындағы мектептің 7 сынып оқушысы  Омар Әли, № 41 ЖОМ 7  сынып оқушысы Русинов Артем, № 38 НОМ 7 сынып оқушысы Барецкий Никита. IІІ қалалық  жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2019 жылы 8 қарашада болатын жасөспірімдер олимпиадасының аймақтық турда өз білімдерін көрсетуге мүмкіншілігі бар.