ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың балалар аулалық клубтары тәрбиенушілерінің жетістіктері
24-09-2019 11:07
Қаланың балалар аулалық клубтары тәрбиенушілерінің жетістіктері

Жастар жылына арналған Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Жүгіріп спорттық бағдарлау кубогын өткізді.  Конкурсқа 140 оқушы қатысты, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль», «Вершина», «Пирамида», «Искра» клубтардың, 30 тәрбиеленушілері.

Жарыстар классикалық қашықтықта белгілі бір бағытта бағдарлау бойынша 12 жас және одан кіші (2,8 км), 14 жас (2,8 км), 16 жас (3,8 км), әйелдер элитасы (4,5 км), 18 және одан жоғары жастағы (5,5 км) бес жас тобында өтті. Жарыстың әр қатысушысының нәтижесі қашықтықты ең қысқа уақытпен анықталды. Төрешілер құрамына Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің және орталықтың оқытушылары кірді.

 Жарыс тәтижесі бойынша Ронде Мария, Немченко Антон, Барбашин Данил, Задворов Сергей, Регинтовская Регина, Виткова Дарья  І орынға ие болды, Рамазан Диас, Кариакбаров Богдан, Хабарова ЛилияТерещук Диана ІІ орынға иеленді, Дьяченко Антон, Терещук Анатолий, Орлова Анастасия, Лисков Виталий ІІІ орынды иеленді. Осылардын барлығы «Вертикаль» және «Вертикаль - 2» клубының тәрбиенушілері. Сондай-ақ, әйелдер элитасы санатында I орын Оксана Дьяченкоға, ІІІ орын Мария Дьяченкоға «Вертикаль» клубының бұрынғы оқушысына бұйырды. Облыстық кубоктың жеңімпаздары медальдармен және дене шынықтыру жәек спорт басқармасының грамоталарымен марапатталды.