ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесі
25-09-2019 10:56
Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылғы 20 қыркүйекте № 17 ЖОМ «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының қалалық слеті өткізілді. Мақсаты - жоғары рухани, жауапты, бастамашыл, әлеуметтік құзыретті азамат болу, жас ұрпақтың қазақстандық патриотизмін тәрбиелеу.

Слетке Павлодар қаласының 10 жалпы білім беру мектептерінің (№ 20 лицей-мектебі, № 1, 7,14,18, 24, 36, 42 ЖОМ, Кенжекөл және Жетекші ЖОМ) 5 - 11 сыныптың 100 оқушысы қатысты.

Әділ қазы құрамына «Нұр Отан» жастар қанаты, әкелер кеңесі өкілдері енді. Байқау 3 кезеңнен тұрды - «Жемқорлықсыз өмір - адал өмір» бейнеролигінің тұсаукесері «Адал ұрпақ» ерікті клубының мектепке қарасты шағын аудан тұрғындарымен жұмысы, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» тақырыбында үгіт бригадаларының байқауы, «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» тақырыбында 2018 - 2019 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы (көрнекі имидждік материал: буклет, папка, топтама пайдаланылуымен) есеп беру.

Байқау қорытындысы бойынша «KJKTeam Кенжекөл мектебі бас-жүлде, I дәрежелі дипломмен «Просто 20-ка» № 20 лицей-мектебінің командасы, II дәрежелі дипломмен «Честные люди» командасы М. Әуезов атындағы мектеп, III дәрежелі дипломмен «Новое поколение» командасы № 18 мектеп марапатталды. Кенжекөл мектебі облыстық кезеңге қатысады.