ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мақатаев оқулары туралы
26-09-2019 10:17

2019 жылғы 30 қыркүйекте сағат 14.00-де №2 ЖОМ (Короленко к-сі, 9/1), Павлодар білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығы «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауын өткізеді. Мақсаты - ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқауға қаланың 21 жалпы білім беретін мектептерінен 7 - 11 сыныптардың 21 оқушысы қатысады.

Мақатаев оқулары 6 номинация бойынша өтеді:

«Менің пірім - Мұқағали» - қатысушы жоспарға сәйкес Мұқағалидің бір өлеңін оқыды.

«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» - қатысушы өз жұмыстарын ұсынады.

«Жыр эстафетасы» - қатысушылар «Райымбек, Райымбек», «Ару ана», «Ақ үн», «Мұзбала» және басқа да поэма туралы білімдерін көрсетеді.

«Өлеңнен өрген ой» - қатысушылар ақын өлеңдерінің тақырыптық мазмұнын ашады, өзіндік көркемдік ойларын дамытады.

«Мұқағали мұрасын қонақ етеді» - қатысушылар 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі керек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен және бас жүлдемен марапатталады. Гран-при иегері және жеңімпазы облыстық Мақатаев оқуларына қатысады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі