ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері
02-10-2019 11:19
Панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері

Павлодарлық екі спортшы, оның ішінде 47 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 14 - 15 жас аралығындағы Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Алдияр Набиолла Қазақстан Республикасының панкратион кубогының жеңімпаздары болды. Панкратион палуандары Римде өтетін Әлем кубогына бару үшін күрескен.

Алдияр Набиолла барлық қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды. «Біздің спортшылар шеберлік пен дайындық деңгейлерін көрсетті. «Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанған павлодарлық спортшылар алдағы әлем чемпионатына қатысуға құқылы», - дейді «Абылай» спорт клубының жаттықтырушысы Алтынбек Рысжанов. Талдықорғандағы ел кубогына Қазақстан аймақтарынан 300-ден астам спортшы қатысты.

Айта кетсек, Алдияр Набиолла қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы. 2017 жылы облыстық турнирде ІІ орынды жеңіп алды. 2018 жылы ол облыста және республикада 1 орын, 2019 жылдың ақпан айында республикалық «Жекпе-жек» турнирінде 1 орын алды. Алдияр клубта 5-сыныптан бастап қатысады, мектепте жақсы оқиды, информатиканы, дене шынықтыруды жақсы көріп, ағылшын тілін меңгереді, 2018 жылы қалалық информатика олимпиадасында үшінші орынға ие болды. Бос уақытында спортпен шұғылданып, боулинг пен шахмат ойнағанды ​​ұнатады.