ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық «Зерде» шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары байқауының кезеңі туралы
02-10-2019 12:06

3 қазанда сағат  09.00-17.00-ге дейін  (Ледовск көшісі 18/3) №30 ЖОМ Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Зерде» шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары республикалық байқауының  қалалық кезеңі өткізіледі. Мақсаты - бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының зерттеу қабілеттерін, зияткерлік-шығармашылық мүмкіншілігін  қолдау және дамыту.

Байқауға Павлодар қаласының 39 жалпы білім беру мектептерінің 1-7 сыныптың 306 жұмыс ұсынған 345 оқушысы қатысады.

Байқау шарты бойынша жоба қорғау 9 секция бойынша өтеді-қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдени, химия, биология, экология, валеология, робототехника.Әділ қазы құрамында қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталады және қазан айында облыстық кезеңге қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі