Қала мектептерінде бірыңғай экологиялық сағат
Республикалық бірыңғай экологиялық сағат шеңберінде 2019 жылы 3 қазанда Павлодар қаласының 42 жалпы білім беру мектебінде экологиялық сабақтар өтті. Экологиялық сағат бағдарламасында бастауыш, орта және жоғары сыныптарда танымдық-дамытушылық сабақтар өткізу, белгілі адамдармен анимациялық ролик және бейнеайналым көрсету, мектеп жанындағы учаскелерде ағаш отырғызу қарастырылған.
№ 36 ЖОМ экологиялық сағатына Павлодар қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, экологияның өзекті мәселелеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу болып табылады. Бірыңғай экологиялық сағатқа 42 мыңнан астам оқушы, 1726 педагог, 900 ата-ана қатысты.