ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық экология және туризм орталығында экосағат
04-10-2019 18:54
Қалалық экология және туризм орталығында экосағат

    Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған республикалық экологиялық сағат шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2019 жылғы 3 қазанда экологиялық сағатқа Павлодар облысының әкімі Б. Ж. Бақауов қатысты. Шараның мақсаты - қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, экологияның өзекті мәселелеріне балалардың қызығушылығын ояту.

     Оқушылар облыс әкімімен бірге орталық аумағында сирек ағаштар отырғызды - Гиннала үйеңкісі, қара жаңғақ, жоғары айлант, вавилон,  Мачудан талы. Облыс әкімі экологиялық-ботаникалық кешенге, «Жас эколог» мұражайына, туристік-жаттығу жолына барып, тәрбиеленушілермен кездесті. Балалармен әңгіме барысында аймақ басшысы егер сіздің әрқайсыңыз осындай кішкентай жастан бастап ағаштарды күтіп, отырғыза бастаса, онда біздің еліміз жасыл, әдемі, бай болады деп ойлаймын және осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығына баса назар аударды. Балалармен кездесуде ол қалаға жаңа экологиялық мектеп қажет екенін айтты. Экологиялық сағатта интеллектуалды-танымдық іс-шаралар өткізілді.