ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Физика бойынша 5 оқушы облыстық олимпиадаға қатысады
08-10-2019 11:29
Физика бойынша 5 оқушы облыстық олимпиадаға қатысады

Павлодар қаласының № 7 мектебінде 2019 жылы 4 қазанда 7 - 8 сынып  оқушылары  арасында физика бойынша ІІІ  қалалық  жасөспірімдер  олимпиадасы  өтті. Олимпиадаға  қаланың 28 жалпы білім беру мектептерінің (К. Макпалеев, М. Әуезов, Б. Момышұлы атындағы, № 1, 2, 5, 7, 9, 11,13, 16, 17, 18, 19, 21, 25, 29, 30, 33, 34, 35, 39, Жетекші ЖОМ) оқушылары қатысты.

Олимпиада 2 турдан тұрды. Олимпиадалық тапсырмалар күрделігіне қарай әртүрлі. Екінші турда оқушыларға екі тәжірибе жүргізу ұсынылды, орындау үшін құралдармен жұмыс  және  физика білімі қажет. Олимпиада  қорытындысы  бойынша, жоғарғы  нәтиже  көрсеткен  оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. І орынға физика пәні бойынша жақсы білім көрсеткен № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ботай Аман, ІІ орынға № 9 гимназия - мектебінің 8 сынып оқушысы Кабдулмажит Мұса, № 13 ЖОМ Хисматулин Данил, № 17 ЖОМ Юхтовский Данил, № 34 ЖОМ Халимов Артур, ІІІ орынға - Лысак София, № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы, Достанов Дильшат (№ 19 ЖОМ), Окасова Айгерім (№ 21 ЖОМ), Алькеев Даир (№ 35 ЖОМ) иеленді. І және II орынға ие болған оқушылар 12 қарашада облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.