kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3018987
Бір айда280154
Бір аптада62733
Кеше4171
Тәулік1582
Жас химиктер өздерінің білімдерін тексерді
10-10-2019 12:21
Жас химиктер өздерінің білімдерін тексерді

Павлодар қаласының № 7 мектебінде 2019 жылы 9 қазанда 7- 8 сынып  оқушылары  арасында химия бойынша ІІІ  қалалық  жасөспірімдер  олимпиадасы  өтті. Қаланың жалпы білім беру мектепетерінің (К. Бекхожин, М. Әуезов, Б. Момышұлы атындағы, № 1, 5, 7, 11, 17, 19, 21, 25, 30, 33, 34, 37, 38, 43, Жетекші, Кенжекөл ЖОМ) химия бойынша 22 жасөспірімдер арасындағы  олимпиада күрделі олимпиадаға қарай бастау алады.

Үш жыл бойы жасөспірімдер олимпиадасы  химияның ең жақсы білгірлерін анықтайды, бірақ жыл сайын олимпиадашыларға ең жақсы атаққа жарысу күрделі. Қатысушыларға пән білімімен бірдей олимпиадаға табысты қатысу үшін, таныс емес жерде бейімделу қабілеті,жаңа ақпаратты тез игеру, жылдам шешім қабылдау және қойылған талаптарды орындауға жиналу іскерлігі қажет. Дәл осы белгілер бойынша олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Тапсырмалар, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен құрастырылды, 10 қатысушымен жеңіп шықты. Пән бойынша жақсы білім І орын алуға № 38 НОМ 8 сынып оқушысы Шон Абдуллинға көмектесті, ІІ орынға 8 сынып оқушысы  Кожанов Ансар (К. Бекхожин атындағы мектебі), Уахит Шынгысхан (№ 33 ЖОМ), Савельева Елизавета № 43 ЖОМ 7 сынып оқушысы иеленді. ІІІ орынға 8 сынып оқушысы Кудайкулова Индира (№ 7 ЖОМ), Бейсенгали Адия (№ 19 ЖОМ), Сарбопеева Зульфия (№ 37 ЖОМ),  Ораз Адилхан (М. Әуезов атындағы мектебі) және Шахмет Алиша Б. Момышұлы атындағы мектеп 7 сынып оқушысы ие болды. І және II орын алған оқушылар 19 қарашада облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.