kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3016868
Бір айда288334
Бір аптада60948
Кеше11091
Тәулік316
Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз
11-10-2019 09:59
Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз

         3 - 7 қазан күндері М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты өлкетану сәндік - қолданбалы шығармашылық көрмесінің облыстық турына облыстың қалалары мен аудандарының 17 білім беру мекемелерінің 123 тәрбиеленушісі қатысты. Қатысушылар 6 номинация бойынша 133 жұмыс көрсетті - табиғи материалдан жасалған бұйымдар, тұрмыс үшін креативті заттар, ұлттық бояуы бар интерьер дизайны, матаны пайдаланып жасалған бұйымдар, аймақтың көркем және халықтық кәсіпшіліктері.

       Көрме қорытындысы бойынша «Шеберлер қаласы» сайысында Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушісі Быченко Дарья І орынға ие болды. Ол байқауға илеу техникасында «Синичка» жұмысын ұсынды, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн. II орынды № 1 ЖОМ 7 сынып оқушысы Буланбаев Ниязбек иеленді. Ол көрмеге қазақтың ұлттық тұрмыстық заттары мен әшекейлерін - қамшы, шоқпар, шөміш, қымызға арналған тегеш, ағаштан, металдан (алюминийден), былғарыдан жасалған күміс белдеу ұсынды, жетекшісі Махмет Қайнарбек Ерназарұлы, технология пәнінің мұғалімі. Облыстық турдың жеңімпаздары Шымкент қаласында өтетін «Шеберлер қаласы» жобасының республикалық турында біздің облысты ұсынады.