ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Зауыт жұмысшыларымен ынтымақтастық
17-10-2019 09:38
Зауыт жұмысшыларымен ынтымақтастық

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм Балалар-жасөспірімдер орталығы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-мен бірлесіп 2019 жылғы 13 қазанда «Тұқы популяциясын арттыру бойынша су айдынына балық жіберу» экологиялық акциясын өткізді. Акция өзеннің балықтарын көбейту мақсатында өткізілді.

   Экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері зауыттықтармен бірге Ертіс өзені алабындағы Усолка өзеніне Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығынан арнайы көлікпен әкелінген 25 000 тұқыны өзенге жіберді. Акция ERG 25 жылдығы аясында өтті.

       Орталық балалар бірлестіктерінің оқушылары зауытпен бірлесе өткізетін «Құстарға қамқорлық» табиғатты қорғау іс-шараларының тұрақты қатысушылары, зауыт қызметкерлері 2018 жылғы қараша айында «Менің Отаным - Қазақстан» атты оқушылардың аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуге ықпал етті, әрі қарай «Жасыл әлем» қалалық еңбек жасағын өткізу жоспарлануда. Бірлескен іс-шаралар балалардың құстарға, жануарларға деген қамқорлығы, сонымен қатар табиғатты қорғауға, табиғат қорғау қызметінде танымдық дағдыларды дамытуға көмектеседі.