ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттеріндегі кескіндер жарықтығы
17-10-2019 09:55
Балалар суреттеріндегі кескіндер жарықтығы

Беларусияның Смолевичи қаласында өткен XIV халықаралық «Өз жерінде» кескіндеме және графика байқауының марапаттау рәсіміне 19 елден 500-ге жуық жас суретшілер қатысты. Байқауға әлемнің 34 елінен - Аргентина, Таиланд, Беларусь, Ресей елдерінен 10000-нан астам жұмыс ұсынылды, олардың 32-і Павлодар мектебінің оқушылары жіберді.

Байқау қорытындысы бойынша қазан айында Павлодар қаласының көркемсурет мектебінің 9 оқушысы жеңімпаз және лауреат атанды. Жас дарындардың табиғат туралы жұмыстары, натюрморттары, гуашь, фломастер және түрлі-түсті қарындаштармен орындаған портреттері бояулардың шарықтауымен, балалық пәктіктің айқындылығымен, сондай-ақ бейнелердің жарықтығымен ерекшеленді.

Байқау лауреатының дипломымен 8 жастағы Арина Саламова, гуашь техникасында орындаған «Менің таңғы асым» суретімен марапатталды, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова. Жеңімпаз дипломын 5 жастағы Октавия Синякова, гуашьпен орындаған  «Үй тапсырмасы» суретімен жеңіп алды, жетекшісі Гүлнар Мергалимовна Мухаметкалина. Алғыс хатпен 8 жастағы Алиса Усик «Қаймақ қосылған құймақ» жұмысы үшін, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова, Агата Красаева, 9 жаста, гуашь техникасында орындаған «Алма маусымы» суреті үшін, және 8 жасар Станислав Дорохин фламастерлермен орындалған өзінің автопортреті үшін, 7 жастағы Регина Даниленко «пастель» техникасында орындаған «Теңіздегі жазғы демалыс» суреті үшін, Черняк Кристина, 7 жаста, «гуашь» техникасындағы «Қрымда» суреті үшін, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, сонымен қатар 9 жастағы Арслан Мединэ «гуашь» техникасында орындаған «Итпен серуендеу» суреті үшін марапатталды, жетекшісі Масленникова Инна Владиславовна.