ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өз өлкесінің тарихы бойынша облыстық конкурстың жүлдегері
18-10-2019 09:44
Өз өлкесінің тарихы бойынша облыстық конкурстың жүлдегері

«Менің кіші Отаным» атты ІІ республикалық интеллектуалды жас тарихшылар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Кіші Отан символы» номинациясы бойынша Павлодар қаласы № 41 мектептің 10 сынып оқушысы Сидорук Ксения ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қалалық деңгейде Ксения қыркүйек айында І орын алды. 2 сайыста ол № 41 мектептің оқушысы-спортшы Иван Щепов, жүзу бойынша 4 дүркін Олимпиада чемпионы туралы жобаны ұсынды. Жобада оның өмірбаяны мен спорттағы жетістіктері көрсетілген. Спорттық жетістіктер нәтижесі бойынша Иван «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасына» енді.

Байқау 2019 жылы 16 қазанда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында өтті. Конкурсқа облыстың мамандандырылған мектептерінің және Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 9 - 10 сынып оқушылары қатысты. Конкурс екі тур бойынша өткізілді - Қазақстан тарихы мәселелері бойынша тестілеу және 4 номинация бойынша: «Менің кіші отанымның тарихы», «Кіші отанымның символы», «Менің кіші Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем».