«Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие-білім беру үдерісін кешенді-тақырыптық жоспарлау» қалалық семинар-практикумына 2019 жылғы 16 қазанда Павлодар қаласының № 27 балабақшасында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 27 мектеп алды топтарының тәрбиешілері қатысты.
Семинарда балабақша әдіскері Галина Анатольевна Юнаш педагогтарға нормативтік құжаттар тізімін ұсынды. Кешенді-тақырыптық жоспарлаудың басты ұстанымдары - білім беру салаларының интеграциясы, тәрбиеленушілерге білім берудің тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары мен міндеттерінің бірлігі, мектепке дейінгі педагогиканың жас және психологиялық-педагогикалық негіздеріне сәйкестігі. Ол «Әр жастағы топтарда кешенді-тақырыптық жоспарлау: перспективалық жоспар, тәрбие-білім беру үдерісінің циклограммасы» атты өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар тәрбие-білім беру үдерісін кешенді-тақырыптық жоспарлау, білім беру салаларын циклограммада бір аптаға біріктіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Семинар қорытындысы бойынша білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының құжаттарын рәсімдеу бойынша ұсыныстар берді.