Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру үдерісінде мектеп мұражайларының ресурстарын пайдалану
22-10-2019 11:06
Білім беру үдерісінде мектеп мұражайларының ресурстарын пайдалану

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы  «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының филиалымен бірлесіп, 2019 жылғы 18 қазанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала контекстіндегі мәдени мұраның маңызы» атты облыстық семинар өткізді. Мақсаты – «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдану бойынша практикалық дағдыларды меңгеруде әдістемелік дайындықты тереңдету. Семинарға 40 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қаланың, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұражай жетекшілері, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері.

Семинардың басты мәселесі мектеп мұражайының «Ұлы Дала мұрасы» концепциясының авторы Павлодар қаласының № 18 мектебінің тарих мұғалімі Асхат Смағұлұлының сөз сөйлеуі болды. Семинар тыңдаушылары тұжырымдама аясында мектеп мұражайын ұйымдастыру кезеңдерімен, мұражайдың білім беру-ағартушылық қызметімен, мұражай стенділерінің тақырыптық ресімделуімен танысты. Мастер-класта «Баянауыл ауданының № 4 интернат-мектебі оқу-тәрбие үрдісінде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру», дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі» білім беру үдерісінде мектеп мұражайларының ресурстарын пайдалану» жұмыс тәжірибесі ұсынылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өз жеріңді таны» бастамасын іске асыру аясында экология және туризм орталығының «Түгіскен Ертіс өнімі» жобасының тұжырымдамасы ұсынылды. Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.