ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Щучинскіде футзал бойынша үздік шабуылшы
24-10-2019 08:58
Щучинскіде футзал бойынша үздік шабуылшы

Ақмола облысының Щучинск қаласында футзалдан және жеңіл атлетикадан I жастар ойындарының чемпионаты аяқталды. Ол Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты бойынша жүзеге асырылатын «JastarSportFest» жобасы аясында өтті. Жарысқа 17 өңірлік команда қатысты.

Футзал бойынша жасөспірімдер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 19 ЖОМ командасы Ақмола және Алматы облысының, Петропавл қаласының командаларын озып, 5-ші орынға ие болды. № 19 мектептің 9 сынып оқушысы Ағыбай Рахат «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды. Осы мектептің дене шынықтыру мұғалімі Саябек Жұмакелдіұлы Жұмакелді «Үздік жаттықтырушы» номинациясы бойынша естелік медальға ие болды.