Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік шеңберінде, бүкіл әлемде кездесетін қыздардың құқықтарын және бірегей проблемаларды тану белгісі ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде балалардың білім алуға, денсаулықты сақтауға, сөз бостандығына құқықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Апталық мектеп кітапханаларында ақпараттық стенд, «Балалар құқығы туралы» тақырыптық көрмелер шығарудан басталды. 1 - 4 сынып оқушыларымен «Мен анама көмектесемін», «Біз Балалар әлемі үшін» тақырыбында видеороликтер, суреттер конкурсы өткізілді.
5 - 11 сыныптарда «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы», «Бала құқықтары туралы» Қазақстанда ратификацияланған БҰҰ Конвенциясы, нормативтік-құқықтық құжаттар таныстырылды.
8 - 11 сыныптарда әлеуметтік педагогтармен әңгімелесу түрінде «Қазына туралы сөйлесейік» сынып сағаты өткізілді, онда оқушылар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, шешу керек тапсырмалар мен жағдайларды орындау кезінде өз білімдерін қолдануға мүмкіндік алды. Әңгіме соңында қыздар қыздарға арналған «Қыздар арасында» атты буклеттер алды. Мектеп медқызметкерлері әлеуметтік педагогтармен және психологтармен бірлесіп «Салауатты өмір салты туралы», «Ерте жүктіліктің алдын алу» әңгімелерін өткізді.
Мектептерде «Заманауи мектеп оқушыларының бейнесі» байқауы өткізілді, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының белсенділері қыздар кездесетін мәселелерді шешу қажеттілігіне қоғамның назарын аудару үшін флешмоб ұйымдастырды. Онкүндіктің қорытындысы бойынша жалпы мектептік жиындар өткізілді. Аталған жиында қыздарға арнап құттықтаулар, өлеңдер айтылды. Онкүндік барысында белсенді қатысқаны үшін оқушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.