ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы даланың Ұлы ойшылдары
30-10-2019 09:25
Ұлы даланың Ұлы ойшылдары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 25 қазан күні Павлодар қаласының № 17 ЖОМ А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың Ұлы ойшылдары» атты ғылыми-шығармашылық конференция өтті. Мақсаты - оқушылар арасында А. Құнанбаевтың шығармаларын оқуға, түсінуге және бағалауға жәрдемдесу, оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбиелеу және тұлғалық дамуы, рухани, адамгершілік және мәдени құндылықтарға бағдарлануы бойынша жүйелі жасау.

2 - 9 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысты. Қазылар алқасының құрамында Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мамандары Жеңісбек Қадырұлы, өңірлік жобалық кеңсенің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің маманы Динара Серікқызы Батырқанова болды.

    Конференция «Ғылыми-зерттеу бағыты», «Өлең - сөздің патшасы», «Алтын ұя», «Абай ақын әрбір үйде» бағыттарында өтті. Жас ақындардың Абай туралы өлеңдер байқауы отті, 2 - 6-сынып оқушылары арасында «Абай ақынның шығармалары балалар көзімен» сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Конференцияға 100-ден астам оқушы қатысты, оның ішінде 24 оқушы жүлделі орындарға ие болып, Павлодар облысының аймақтық жобалау кеңсесінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

       Мектеп оқушылары Абай шығармалары бойынша өз білімдерін көрсете алды. 8 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Абай Құнанбайұлы философияларындағы мораль имандылыққа негізделеді» ғылыми-зерттеу жұмысында I орынға ие болды. 8 сынып оқушылары Фазыл Азиз және Шәкәрім Айымгүл мәнерлеп оқу сайысында Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «1-қара сөз», «18-қара сөз», «Ескендір» шығармаларының рухын жеткізе білді. Абай шығармаларының орындауында оқушылар ата-аналарымен бірге болды. 6 сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан және оның әкесі Асылбек мырза сахнада Абай образын жасап, «Бірінші қара сөзді» оқып берді.  Көпей Айым мен оның анасы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» лирикалық әнін тамаша орындады. Мұқанова Томирис анасымен бірге Абайдың Қара сөздерінен үзінді тарауларын мәнерлеп оқыды. Іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері Э. Е. Талипова, Г. М. Шаймардан, А. Е. Омарова, Г. Е. Талипова, Д. С. Нұрбаеваның жетекшілігімен өтті. Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады.