Білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Көркем еңбек» пәнінің бағдарламасына 9 сыныпта «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімі енгізілді. Оқу бөлімінде оқушыларға кілем тоқу технологиясы, гобелендер, киізден жасалған бұйымдар жасау, қазақ ұлттық шығармашылығы элементтерін қолдана отырып, жұмыстар жасау бойынша тақырыптар енгізілген. 2019 жылдың 30 қазанында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің № 37 ЖОМ-де илеу техникасымен танысу мақсатында «Илеудің жаңа технологиялары» атты мастер-класс өткізді.
Семинарда педагогикалық шеберлік орталығының тренері Кинжибаева Салтанат Николаевна жалпы білім беру мектептерінің көркемдік еңбек мұғалімдерін гобелен түрлерімен және киізбен жұмыс жасау техникасымен таныстырды. «Киізден панно жасау» бейнеролигі ұсынылды, қатысушыларға мектеп оқушыларының жұмыстарымен көрме ұсынылды. Семинардың практикалық бөлімінде мұғалімдер өздері таңдаған тақырыптарға киізден панно жасап, презентациясын өткізді. Мастер-класс қорытындысы бойынша қатысушыларға «Сабақта оқушылардың практикалық қызметін ұйымдастыруда мұғалімдерге көмек» атты әдістемелік ұсыныстар берілді.