Педагогтердің кәсіби қалыптасуының сабақтастығын сақтау мақсатында, білім беру саласындағы тәжірибені бөлу аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасында Павлодар қаласына Нұр-Сұлтан қаласының № 73 лицей-мектебінің 19 жас педагогы келді.
Қонақтар № 25, 37 мектепті және № 16 лицей-мектебінде болды. Сапар барысында мектеп оқушыларының олимпиадаға дайындығы, оқу жетістіктерінің сыртқы бағаларына, педагогтардың жұмысына қатысты тәжірибелерімен бөлісті.
№ 37 ЖОМ-да қонақтар білім беру саласындағы сандық ресурстармен, критериалды бағалау, қазіргі әлемдегі қазақ тілінің жазулары, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу туралы танысты.
№ 25 мектеп мұғалімдерді Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастығы бойынша кафедра жұмысымен таныстырып, арнайы кабинеттер бойынша экскурсия өткізді.
№ 16 лицей-мектебінде қонақтар инновациялық аллеямен, әдістемелік бірлестік басшыларының әдістемелік көрмесімен танысты, «Жас мұғалім қалай табысты болу керек!» мастер класс өткізді.
Одан әрі мұғалімдер сапардың қорытындысы бойынша кері байланыс жасады.