Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына ғылыми және практикалық қызығушылықты дамыту, инновациялық және шығармашылық ИТ-идеяларды анықтау және жылжыту, дарынды мұғалімдер мен оқушыларды қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қарашасында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсының ақтық кезеңін өткізді. Облыстық конкурсқа ұсынылған 55 жобаның ішінен Павлодар қаласынан - 7 жоба. Байқау 7 бағыт бойынша өтті.
Ақтық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері Павлодар қаласының № 43 ЖОМ мұғалімі Мейрамгүл Құдайбергенқызы Қабышева (барлығы 10 адам).
ІІ дәрежелі диплом иегері Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Еркинов Аманали.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Махаббат Қасенқызы Ибраим және Зарина Рамазанқызы Мұхамеджанова, Павлодар қаласы № 17 ЖОМ мұғалімдері.